Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс травматолог ортопеді, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ травматология және ортопедия кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. Қанат Тезекбаев айтты.
Травматолог егер жазатайым оқиға орын алған болса, дәрігер келгенге дейін ең алдымен не істеу керектігін егжей-тегжейлі түсіндірді. Сондай-ақ ол пиротехникалық заттардың жарылуы нәтижесінде көздің шырышты қабатына бөгде бөлшектер түскенде не істеу керектігі жөнінде бірқатар ұсыныстарын айтты.
"Егер оқыс оқиға үйде орын алса, онда тез арада көздің шырышты қабатын бөлме температурасында көп мөлшерде қайнаған сумен шаю керек. Ал егер апат көшеде орын алса, онда қол орамалы, мойын орағыш сияқты заттармен көзді таңу керек. Ал егер бұл заттардың біреуі де болмаса, көзді бас киіммен немесе қолмен жабуға болады. Әрі қарай тез арада медициналық көмекке жүгіну керек", - деп түсіндірді маман.
Сонымен бірге ол теріге шоқ түсіп, термиялық күйік шалғанда кезде не істеу керектігін айтты.
"Теріге шоқтың түсуімен термиялық күйік болған жағдайда теріні сумен көп шаю және құрғақ асептикалық таңғышты қолдану ұсынылады. Егер оқыс оқиға көшеде орын алса, онда таза матаның бір бөлігінен таңғыш қойып қою керек. Майлы таңғыштарды қолдану, теріні арақпен, одеколонмен, ұнтақтар себу және мақта қолдану ұсынылмайды. Егер жарақатты үйде алсаңыз, онда асептикалық таңғышты қолдану керек, егер далада болса қолда бар заттардан таңғыш жасау маңызды", - деді штаттан тыс ортопед-травматолог.
Сондай-ақ, спикердің айтуынша, ауыр жарақат алып, қан кетсе, қысымды таңғыш тағып, дереу жедел жәрдем шақыру керек.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда травматологиялық пункттер көпсалалы стационарларда тәулік бойы жұмыс істейді: №4 ҚКА, №7 ҚКА, ҚЖШККА, ОҚКА, БЖМЖО.