Пиротехникалық заттарды заңсыз сатудың 20 фактісі анықталды

504

Павлодарда 25 дана пиротехникалық бұйым тәркіленді. 

Пиротехникалық заттарды заңсыз сатудың 20 фактісі анықталды Фото: polisia.kz

– Бұл күндері полицейлер қызмет көрсету аймағында орналасқан дүкендерге барып, рұқсат құжаттарын тексеріп, иелері мен сатушыларына пиротехниканы кәмелетке толмағандарға сатпауды ескертті. Сондай-ақ кәсіпкерлерге жарылыс қаупі бар бұйымдарды заңсыз сатқаны үшін жауапкершілік туралы еске салды. Тексеру қорытындысы бойынша полиция қызметкерлері пиротехникалық заттарды заңсыз өткізудің 20 фактісін анықтады, 154 бірлік пен 49 қорап пиротехникалық заттар мен бұйымдар тәркіленді. Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасағаны үшін 20 әкімшілік хаттама жасалды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Борис Әлімбаев.

Мәселен, Павлодар қаласында Жаңа жыл қарсаңында учаскелік инспектор Камзин көшесінде орналасқан сауда үйінің аумағында пиротехникалық бұйымдарды сату фактісін анықтады. 25 дана пиротехникалық бұйым тәркіленді. Ал Екібастұз қаласында қаланың сауда орталықтарының бірінде пиротехникалық бұйымдарды сату фактісі анықталды. Пиротехникалық бұйымдар тәркіленді. Полиция қызметкерлері рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде Павлодарда Mercedes көлігінде пиротехникалық бұйымдарды сату фактісі анықталды. Железинка ауылында өз үйінде пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатқан ауыл тұрғыны анықталды. Пиротехникалық бұйымдар тәркіленді.

Барлық құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды және 25 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу