Пітір садақа мен зекетті онлайн режимде аудуруға болады

1592

Бұл мешіттердегі қаржы айналымының ашықтығын қамтамасыз етеді. 

Пітір садақа мен зекетті онлайн режимде аудуруға болады

Пітір садақа мен зекет онлайн режимде аудуруға болады, деп мәлімдеді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

"Төтенше жағдай кезінде пітір садақасы мен зекетті онлайн режимде берудің оңтайлы жолын да қарастырдық. Садақа – пенденің мал-дәулетін азайтпайды, керісінше, берекесін арттырады. Біз берген садақа бір отбасын қуанышқа бөлейді. Ендеше, көмекке зәру шаңырақты шаттыққа бөлеп, үлкеннің батасын алып, алғысына бөленейік", – деді ол. 

Сонымен қатар ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров қазіргі кезде екі банктің қосымшасы арқылы пітір садақа аударуға болатынын жеткізді. 

"Осы айда берілетін пітір садақа мен зекетті Kaspi.kz және Халық банкі, KIWI ұялы қосымшалары арқылы аударуға болады. Қазіргі уақытта басқа да банктермен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы белгілі бір банкті жарнамаламайды. Алайда қазіргі төтенше жағдайда үйден шықпай садақа берудің осындай жолын таңдап отырмыз", –  деді ҚМДБ төрағасының орынбасары. 

Сонымен қатар ол төтенше жағдай аяқталғаннан кейін бұл жүйелерді пайдалану жоспарланып отырғанын айтты. Себебі наиб мүфтидің сөзінше садақаны онлайн режимінде аудару мешіттердегі қаржы айналымының ашықтығын қамтамасыз етеді. 

"Ұялы қосымшаларды төтенше жағдайға арнайы шығардық. Кейін де осы қосымшаларды қолдану жоспарда бар. Өйткені біз мешіттердегі қаржы айналымының ашықтығын қалаймыз", – деді Ершат Оңғаров

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу