Пияз экспортына салынған тыйым әзірге жойылмайды

628

Премьер-министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин осылай мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.  

Пияз экспортына салынған тыйым әзірге жойылмайды Фото: gov.kz

Бұған дейін ішкі нарықта бағаны тұрақтандыру мақсатында пиязды экспортына тыйым салынған еді. Қаулы 28 қаңтардан бастап 3 ай мерзімге күшіне енген. Алайда, Серік Жұманғарин пияз экспортына салынған тыйым әзірге алынбайтынын айтты.

"Соңғы деректерге сүйенсек, елімізде 68 мың тонна пияз бар. Бұл - жаман көрсеткіш емес. Десе де, наурыз-сәуір айларында ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін бізге 40 мың тонна пияз қажет", - деді С.Жұманғарин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу