Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сүйенсек, 19 шілдедегі жағдай бойынша бойынша пияздың Қазақстандағы орташа бағасы 188 теңгені құрайды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 77,6%-ға артық.
Қонаевта оның бағасы 311 теңгені құрайды, бұл республикада ең жоғары көрсеткіш.
Бағаның өсуі бойынша бірінші орында қант тұрғанын (87,4%) барлығы біледі.
Жалпы пияз әдетте шілдеде, кейде маусым айында арзандай бастайды. Бірақ биыл емес. Тек соңғы аптада оның құны 2,4%-ға, ал ай басынан бері 8,6%-ға өсті.
Әлеуметтік маңызы бар өнім бағасы 21 апта қатарынан (ақпан айының ортасынан бастап) көтеріліп келеді.
Құралай Құдайберген
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу