Пияз, сәбіз, картоп бағасы арзандады

Алайда жалпы алғанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы өсті.

Пияз, сәбіз, картоп бағасы арзандады Фото: egemen.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,2%-ға, ай басынан 0,5%-ға, жыл басынан бері 20,1%-ға өсті.

Жылдық мәнде олар 19,6%-ға қымбаттады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,1 пайызға жоғары.

Өткен апта ішінде арзандады:

Пияз – 2,6%,

Сәбіз – 1,7%,

Картоп – 0,9%,

Өткен апта ішінде қымбаттады:

Жұмыртқа, І категория – 1,9%,

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2022 жылғы 18 қазанға:

Қарақұмық – 524 тг/келі,

Картоп – 152 тг/келі,

Айран, 2,5% – 345 тг/л,

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу