"Пияз шіріп жатыр": Ауыл шаруашылығы министрі айтылған сынға жауап берді

1007

Ведомство басшысы әлемде пияз бағасы төмендеді деп отыр. 

"Пияз шіріп жатыр": Ауыл шаруашылығы министрі айтылған сынға жауап берді Фото: yandex.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пияз экспорты төмендегенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомство басшысының сөзінше, биылдан бастап министрлік индикативті жоспарды облыс әкімдіктеріне жеткізе бастады. 

"Бұрын мұндай болмаған. Пиязға келетін болсақ, шынында да алдыңғы жылдары баға қымбаттап кетіп, шаруашылықтар айналыса бастады. Жалпы әлемде оның бағасы төмен түсіп қалды. Өйткені экспорт та төмендеп қалды. Алдыңғы жылы 180 мың экспортқа жіберетін болсақ, биыл – 117 мың. Экспортымыз 70 мыңға төмендеп қалды. Ішкі сұраныс та азайды. Сондықтан баға төмендеп кетті. Оған қарамастан жұмыстар жалғасып жатыр. Сауда және интеграция, Көлік министрліктерімен бірге жұмыс істелінуде. Қазір бұл пияздың 160 мыңын сату керек. Грузия, Әзербайжанмен келісімшарт бар", - деді министр Үкімет отырысында өткен брифингте.

Айта кету керек, осыған дейін қоғам белсендісі Санжар Боқаев Алматы облысында пияз шіріп жатқанын әлеуметтік желіде хабарлаған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу