PJ Western компаниясы (Papa John’s бренді франшизасының Ресей мен Беларусьтегі басшысы) пиццерия желісін енді Қазақстанда, Қырғызстанда және Польшада ашады. Бұған Papa John’s International, Inc. келісімімен қол қойылды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес Қазақстандағы бірінші Papa John’s пиццериясы 2017 жылдың күзінде Алматы қаласында ашылады. Жоспар бойынша, 2022 жылға дейінгі Қазақстанда барлығы 16 ресторан ашылады.
Айта кетейік, Papa John’s International (АҚШ) 1984 жылы ашылған. Қазіргі уақытта компания пицца жеткізілімі бойынша әлемде үшінші компания. Оның әлемнің 45 мемлекетінде 5 мың мейрамхана желісі бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу