Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус планетаның ересек тұрғындарына арналған коронавирустық вакцинацияның құнын бағалады, деп хабарлайды Inbusiness.kz ұйымның сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, әлемдегі ересек тұрғындардың басым бөлігін вакцинациялау үшін ұйымға келесі жылы 35-45 миллиард доллар көлемінде қаражат қажет болады. COVID-19 пандемиясымен күресу үшін арнайы іске қосылған ACT Accelerator халықаралық бағдарламасы ұйымға19 миллиард доллардай қаржы бөлген еді. Гебрейесус вакцинация бағдарламаларын қаржыландыру және індетті еңсеру мәселелерін шешу үшін қажетті соманың едәуір бөлігін G7 елдері өтей алады деген пікірде.
Соңғы мәлімет бойынша, әлемде вирус жұқтырғандар саны 153 миллионнан асып, оның 89,6 миллионы аурудан жазылды. Осы күнге дейін 3,2 миллион адам дерттен қайтыс болды.
Табиғат Нұрболат