Пластик бөтелке қалдықтарынан өнім шығаратын кәсіпорын өндірісі кеңеймек

3064

Пластик бөтелке қалдықтарынан өнім шығаратын кәсіпорын өндірісі кеңеймек

Қостанайда пластик бөтелкелер қалдығынан түрлі өнім шығаратын кәсіпорын өндірісті кеңейтпек, деп хабарлайды 24.kz. 

Биыл олар қоқыс сұрыптайтын комбинат құрылысын бастауды жоспарлап отыр.

Оның сыртында шикізат өңдейтін жаңадан төрт цех іске қосылады. Судыр пленка, жұмсақ мақта, кабель құбыр, жол құрылысына  арналған төсеніш.

Осының бәрі кәдімгі полиэтилен және пластик бөтелкелер қалдығынан жасалған.

Пленкамен қапталған геотекстил құрылыс материалдарын ылғалдан қорғайды.

Күніне 25-30 мың шаршы метр осындай өнім шығаратын технологиялық желі бойында төрт адам жұмыс істейді. Талшықты қолмен тиегендері болмаса, қалған жұмыс ауқымы автоматты жүйе бойынша атқарылады.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу