Пластик шикізат шектен тыс қымбаттаған

1275

Пластик өңдеу бизнесі табысты ма? Пластикті өңдеуді жеделдету мұнайға деген сұранысты азайта ма?

Пластик шикізат шектен тыс қымбаттаған

Шымкентте соңғы уақытта пластик шикізаты шектен тыс қымбаттаған. Бар болғаны екі аптаның ішінде шаһарда балалар ойыншығын шығаруға қажетті шикізаттың құны 40 пайызға өскен, деп хабарлайды Atameken Business.

Салдарын сондағы тауар өндірушілер тартуда. Өйткені, олар бағаны қымбаттатса, өз өнімдерін сата алмайды. Сондықтан соңғы уақытта шаһардағы кейбір кәсіпорындар өз өнімділігін төмендеткен. 

Осы орайда айта кетсек, жыл сайын Қазақстанда 5 млн тоннаға жуық тұрмыстық қалдық жиналады. Оның 1 мыңға жуық тоннасы немесе 18 пайызы пластик. Оның көлемін арттыру үшін 2016 жылдан бері осы саладағы кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі. Мысалы, қаптама қалдықтарын жинау, тасымалдау және қайта өңдеуді жүзеге асырушыларға 75 миллион теңгеден астам қаражат төленген. Бұл жұмыстар мұнайға деген тәуелділіктен арылтып, пластикті өңдеу бизнесін табысты ете ал ма? Толығырақ:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу