Пластик ыдыстар қатерлі ісікке шалдықтырады

2654

Пластик ыдыстар қатерлі ісікке  шалдықтырады

АҚШ ғалымдары ерекше ғылыми зерттеу жүргізіп, осындай тұжырымдама жасаған.

Қарағанды қаласының тұрғыны Айгүл Маликова бір реттік пайдалануға арналған ыдыстарды қолданбайтын көрінеді. Сондай ақ жылтыр қағаз бен пластиктен жасалған ыдыстарда тағамды сақтамауға тырысады.Ол тіпті пластик бөтелкедегі  сатып алынған суды басқа шыны ыдысқа құйып алуды әдетке айналдырған.

"Пластик ыдыстағы кез келген тамақты жылытқан кезде одан зиянды заттар бөлінеді. Пластиктен жасалған өнімдердің жартысынан астамында  "бесфенол  А" болады.Осы қоспа консерагенді болып табылады.Мысалы қоқысты сұрыптайтындар әрбір пластик бөтелкені алып жеке зерттеп, қайта өңдеп жатпайды ғой.Сондықтанда мұндай ыдыстарды қолданғанда абай болған жөн", - дейді Айгүл Маликова.

АҚШ-тың ғалымдары зерттеу жүргізіп, тіпті тамақ сақтауға арналған пластик ыдыстың өзінің құрамында зиянды заттардың бар екенін анықтаған. Пластик ыдысты жылытқанда немесе оған су құйғанда концерогенді заттар бөлінеді.Мұның барлығы адам ағзасында жиналып кейін уақыт өте келе онкологиялық сырқаттар туғызады екен.Бұл пластиктен жасалған терезелермен үй жиһаздарынада қатысты көрінеді.Алайда Қазақстанда мұндай зерттеу жасалмапты.Пластик ыдыстармен онкологиялық сырқаттың тікелей байланысының барлығы ғылыми түрде елімізде дәлелденбеген.

"Бұл жерде енді қандай тұжырым дәлел керек. Мәселен егер адам таза ауамен тыныстағысы келіп, тек қана экологиялық тұрғыда таза азық түліктерді пайдаланса және тек қана ағаштан жасалған жиһаздарды қолданып жүрсе, ал көршісі пластиктен жасалған дөңгелектерді басқада бұйымдарды пешке жағып, түтін шығарып отырса мұндай сақтанудың қаншалықты пайдасы бар", - дейді онколог дәрігер Ернар Ермекбаев.

 

Пластиктің әлем бойынша қолданылып келе жатқанына 70 жыл болған.Көптеген елдер пластиктен жасалған ыдыстарды сәбилер үшін пайдалануға тыйым салған.Санэпид қадағалау саласының мамандары пластик ыдыстардың ішіне тамақ сақтағанда оның нұсқаулығына қарап ондағы жазылған талаптарды бұлжытпай орындау керек деп кеңес береді.

-Пластиктен жасалған ыдыстарды дұрысты қолданатын болсаңыз, ол қауіпсіз.Егер пластик ыдыстар жылытылса,оған өнім ұзақ сақталса,сондай ақ көп қолданыста болса,ол зиянды заттарды бөлуі мүмкін.Сосын мұның барлығы азық түлікке қосылады.Осындай ыдыстарда тамақ дұрыс сақталмаса немесе ұзақ сақталса онда өнім бұзылып бұл денсаулыққа айтарлықтай зиянын тигізеді,-деп мәлімдейді Қарағанды облысының Қоғам денсаулығын қорғау департаментінің бөлім бастығы Гүлмира Күзембаева.

 

Дегенмен күнделікті тұрмыс тіршілігінде әр адам қандай ыдысты пайдалансада өз еркі өзінде.Қазақстанда нақты зерттеу жүргізілмегендіктен дәрігерлерде ғалымдарда пластикті қолдануға болмайды деп бірден кесіп айта алмайды.Ал бүгінгі біздің өміріміздегі қолданыста  пластиктен жасалған ыдыстар мен бұйымдардың көп екені сөзсіз.Алайда онколог мамандар ішімдік өнімдерін пластик ыдысқа құймауға және осындай ыдыстарда тамақты жылытпауға кеңес береді.Дегенмен егер пластик ыдыстың сыртында белгілі бір температурада жылыту керек деп көрсетілсе онда ол қауіпсіз болып табылады.Сонымен қатар полиэтиленді жылтыр қағаздар тағамдарды бір реттік тасымалдауға ғана арналған.Мұндай қағазбен тамақты тоңазытқышта сақтауға болмайды. Мамандар нақты пластик ыдыстарға тыйым салмағанмен " сақтықта қорлық жоқ "дегендей оны күнделікті тұрмыста қолданғанда абай болуға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу