Пластиктен жасалған есік-терезелер өндірісі 5,5% артты

Ағаш терезелер мен есіктер өндірісі керісінше 39%-ға қысқарды. 

Пластиктен жасалған есік-терезелер өндірісі 5,5% артты Фото: google

Қазақстанда пластиктен жасалған есік-терезелер, сонымен қатар табалдырықтар, жақтаулар мен ұқсас бұйымдар мен олардың пластмассадан жасалған бөлшектерінің өндірісі артты, деп хабарлайды energyprom.kz.

Мәселен, қаңтар-наурызда сектордағы өнім өндірісі өткен жылмен салыстырғанда 5,5% өсіп, 10,2 мың тоннаны құрады – бұл рекордтық көрсеткіш.

Бұл ретте ағаш терезелер мен есіктерді, сондай-ақ олардың жақтаулары мен табалдырықтарын өндіру, керісінше, бірден 39%-ға қысқарып, 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында 247,3 мың шаршы метрді құрады. Бұл соңғы 5 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы ең төмен көрсеткіш.

2023 жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша ағаш терезелер мен есіктер және олардың жиынтықтары бір жылмен салыстырғанда 0,4%-ға ғана қымбаттады. Өңірлер бойынша бағаның айтарлықтай өсуі Қостанай және Павлодар облыстарында тіркелді: тиісінше 8,2% және 2,2%.

Бұл ретте Қазақстанның төрт облысында – Абай, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Шымкентте бағаның 0,5%-ға төмендеуі байқалды.

Пластикалық терезелер мен есіктер, сондай-ақ осыған ұқсас өнімдер жылына 1,5%-ға арзандады.  Олардың бағасы өскен жалғыз аймақ – Батыс Қазақстан облысы: + 0,3%.

Салыстырар болсақ, өткен жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша ағаштан жасалған терезелер мен есіктер бір жылда бірден 6,9%-ға қымбаттады. 

Бұл ретте пластикалық терезелер мен есіктер бағасының төмендеді: жылына 2,2%-ға.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу