Плита өндіретін зауыт құрылысын түріктер қаржыландырады

827

Қазақстанда жылына 1,5 млн шаршы метр плита өндіріледі. Ал жалпы сұраныс жылына 25 миллион шаршы метр плитаны құрайды.

Плита өндіретін зауыт құрылысын түріктер қаржыландырады

Қызылорда облысында 47,3 млрд теңгеге керамикалық плиталар өндіретін зауыт салу жоспарлануда, деп хабарлайды LS.

Облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасында жобаның Rino Asia түрік компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылатыны хабарланды.

Басқарманың деректеріне сүйенсек, қазіргі уақытта инвестор плитка өндіруге арналған жабдықтарды  жеткізушімен келіссөздер жүргізуде.

"Өндірістік жабдықтарды орналастыру бойынша техникалық жоспар әзірленді және жоба бойынша техникалық-экономикалық негіздемені дайындауға қатысты консалтингтік компаниямен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Қызылорда облысынан аумағы 100 гектар жер учаскесі таңдалып алынды. Сондай-ақ шикізаттың химиялық құрамын талдау мақсатында зертханалық жұмыстар жүргізілуде", – деп түсіндірді басқарма.

Жоспар бойынша өнімнің 60% -ы Қазақстанда сатылады, ал қалған 40%-ы Өзбекстанға, Қырғызстанға, Тәжікстанға, Ауғанстанға және Ресейге экспортталатын болады.

Сондай-ақ, Қазақстанда жылына 1,5 млн шаршы метр плита өндірілетіні хабарланды. Жалпы сұраныс жылына 25 миллион шаршы метр плитаны құрайды, сұраныстың қалған бөлігін импорттық тауарлар қамтып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облысында балық өңдеу зауытының және пластикалық қайықтарды өндіру цехының құрылысы әлі де жалғасуда. Әкімдіктің мәліметі бойынша, жоба үш кезеңмен жүзеге асырылады. Зауыт құрылысының қаржылық шығыны 215 млн теңгені құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу