"ПМХЗ" басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды

813

Монополияға қарсы департамент анықтағандай, ЖШС 2021 жылы шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындауға жоғары баға белгілеген.

"ПМХЗ" басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды

"Монополияға қарсы департаменттің қорытындысын прокуратура іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолдады. 2022 жылғы 31 наурызда Экономикалық тергеу департаменті 2021 жылы шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша қызметтерге монополиялық жоғары бағаны белгілеу фактісі бойынша "ПМХЗ" ЖШС басшылығына қатысты (қылмыстық іс қозғалды) сотқа дейінгі тергеуді тіркеді", – деп жазылған ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Фото: pnhz.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу