ПМХЗ Jet A-1 авиациялық керосинін өндіретін болады

1184

Бұдан басқа, зауытта сұйытылған көмірсутегі газдарын күкіртсіздендіруді қамтамасыз ету және сутегі өндіретін модульдік қондырғыны іске қосу жоспарланған.

ПМХЗ Jet A-1 авиациялық керосинін өндіретін болады

Павлодар мұнай-химия зауыты ASTM D 1655 стандарты бойынша Jet A-1 авиациялық керосин өндіретін болады. Игеру зауытты технологиялық жаңғырту шеңберінде жоспарланған, деп хабарлайды ҚМГ жұртшылықпен байланыс департаменті.

Бұдан басқа, зауытта сұйытылған көмірсутегі газдарын күкіртсіздендіруді қамтамасыз ету және сутегі өндіретін модульдік қондырғыны іске қосу жоспарланған.

Айта кетсек, жаңғырту барысында зауытта түбегейлі өзгерістер орын алған: қайта өңдеу тереңдігі 85% жетті, ал каталитикалық крекинг қондырғысының шикізат бойынша қуаты жылына 1350 тоннадан 1868 тоннаға дейін ұлғайды. Қазіргі кезде шығарылатын АИ-92, АИ-95 және дизельді жанармай Кеден одағының ТР ТС 013/2011 Техникалық регламентіне сәйкес Еуро-4 халықаралық экологиялық стандартына (Кеден Одағы аумағында К4 деп аталады) сәйкес келеді.

Сондай-ақ, реактивті жанармайды шығару қайта қолға алынды. Осылайша, құрамында күкірт және зиянды канцерогендік заттар мөлшері төмендеу өнімнің өндірісі қамтамасыз етілген.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша, зауытта 5,3 млн тонна шикізат өңделген. Оның ішінде 1,4 млн тонна автомобиль бензині, 1,7 млн тонна дизель отыны, 77 мың тонна әуе отыны мен басқа өнімдер.

Еске сала кетсек, 2018 жылы үш мұнай өңдеу зауыты технологиялық жаңғыртудан өтті. Оның нәтижелері елімізді К4, К5 экологиялық стандарттарға сай келетін мұнай өнімдерімен толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу