ПМХЗ жоспарлы өндіріске кірісті

1107

ПМХЗ жоспарлы өндіріске кірісті

5 қарашадан бастап "Павлодар мұнайхимия зауыты" ЖШС жоспарлы кестемен жұмысын бастады, деп мәлім етті "ҚазМұнайГаз – Өңдеу және Маркетинг" АҚ баспасөз қызметі. Мұнайдың орташа тәуліктік өңделу көлемі 14,9 мың тоннаны құрайды. Жалпы қараша айының  7 күнінде зауыт 104674 тонна мұнай өңдеді.  2016 жылдың 10 айында ПМХЗ 3 679 603 тонна, яғни жоспардағыдан 100,08%-ға мұнай өңдеген.  Жоғары октанды бензиндердің үлесі  84,03%-ды құрап отыр. Бұл өндіріс бағдарламасына сәйкес келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу