PMI Global индексі 1,7 тармаққа төмендеді

365

J.P. Morgan сарапшыларының бағалауы бойынша жыл ортасында әлемдік экономиканың өсуі қарқынды түрде жалғасады. 

PMI Global индексі 1,7 тармаққа төмендеді Фото: rbc.ru

Бұл туралы Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова қаржы нарығындағы үрдістер туралы  негізгі тезистерінде жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Маусым айының қорытындысы бойынша PMI Global индексі 6 айлық өсімді аяқтап, 1,7 тармаққа төмендеді. J.P. Morgan сарапшыларының бағалауы бойынша жыл ортасында әлемдік экономиканың өсуі қарқынды түрде жалғасады. Мұны MSCI World индексінің 5,9% өсуі де көрсетеді. Дегенмен, салалық айырмашылықтар әлі де инвесторларды алаңдатады. Сонымен қатар, барлық сектордағы сұраныстың төмендеуі туралы жалпы белгі өсудің әлсіреу қаупін көрсетеді", – деп атап өтті Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары.

Fitch ratings  агенттігі 2023 жылы әлемдік ЖІӨ-нің өсу болжамын 2%-дан 2,4%-ға дейін көтерді.

Бұл ретте Әлия Молдабекова Дүниежүзілік банк болжамына тоқталды. Оның пайымынша, жаһандық қаржы институты әлемдік экономиканың перспективалары туралы маусым айындағы есебінде пессимистік болжам жасаған.

"2023 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ-нің әлемдік өсуі 2,1%-ға дейін, дамыған экономикаларда 0,7%-ға дейін, ал дамушы экономикаларда 2,9%-ға дейін баяулайды. 2023 жылы АҚШ экономикасының өсуі 1,1% деңгейінде, ал Еуроаймақ экономикасының өсуі 0,4% деңгейінде күтілуде. Бұл үрдіс негізінен пайыздық мөлшерлемелердің күрт өсуіне, сондай-ақ ақша-кредит саясатын қатаңдатудың кешіктірілген әсері мен энергия бағасының өсуіне байланысты қалыптасады", – деп нақтылады Әлия Молдабекова.

Сонымен қатар ол АҚШ ФРЖ-ның ақша-кредит саясатына тоқталды. ҰБ Төрағасының орынбасары экономистер шілдеде мөлшерлемелердің өсуін болжайды, деп атап өтті.

"АҚШ-тың ФРЖ федералды қорларының мөлшерлемесіне фьючерстік баға белгілеуге сәйкес, нарықтың 81% ықтималдықпен 25 базистік тармаққа өседі деп күтіледі", – деп түйіндеді қаржы нарығындағы үрдістер туралы  тезисін Әлия Молдабекова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу