С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті студентттік құрылыс жасақтарының сарбаздары балалар үйінің аумағын көгалдандыру және абаттандыру жұмысына қатысты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Жастар жасыл желек өсіп тұрған қоршауларда абаттандырып, газондарды ретке келтірді. Ағаш отырғызу аймақтың экологиясын жақсартумен қатар, жас буын өкілдерін тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.
"Экологиялық акцияларды Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау кезінде ғана өткізген дұрыс емес. Себебі, экология біз үшін ортақ мәселе. Сондықтан бұл мәселеге баршамыз назар аударсақ игі", - дейді университеттің жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменттің директоры Жастілек Уахитов. Жастілек Уахитовтың айтуынша, бұл қозғалысқа жастарды көптеп тарту керектігін айтты.