Пневмонияға шалдыққандар коронавируспен бірге есептелуі мүмкін

838

Алайда, ол үшін алдымен Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ресми рұқсаты керек.  

Пневмонияға шалдыққандар коронавируспен бірге есептелуі мүмкін

Енді пневмонияға шалдыққандар коронавируспен бірге есептелуі мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business теларанасы.

Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі пневмонияға қатысты елдегі жағдайды айтып ұйымға сауал жолдағандарын жеткізді. Сондай-ақ, вице-министр Людмила Бюрабекова қазір медицина саласындағы жаһандық ұйымдармен де келіссөздер жүріп жатқанын мәлімдеді.

Әзірге, COVID-19 ретінде тек ресми статистикаға ПТР тесті оң нәтиже бергендер ғана енгізіледі. Алдағы уақытта халықаралық ұйым жауабына сәйкес, нақты шешім шығарылмақ. Бүгінгі күні әр елде есепке алу жүйесі әр түрлі. Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан барлық мемлекетпен қатар жүру үшін, статистиканы біріздендіру жолын қарастыруда.

Бұған дейін, Қытай елшілігі Қазақстанда белгісіз пневманияның өршіп тұрғанын жазған болатын. Сыртқы істер министрлігі шындыққа жанаспайтын бұл мәлімдеменің қайта түзетілгенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу