Пневмониямен ауырғандар саны 100 мың адамға жақындады

983

67 адам жасанды өкпе аппаратымен демалуда.

Пневмониямен ауырғандар саны 100 мың адамға жақындады

Жыл басынан бері 98 мың адам пневмониямен ауырған. Бұл былтырғы көрсеткіштен 50 пайыз көп. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен  қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев осындай ақпарат айтты.

"Қазіргі уақытта ауыр жағдайдағы науқастарымыз реанимация және анестозиология бөлімдерінде жатыр. Олардың саны – 306. Ауыр жағдайда 265 адам, өте ауыр жағдайда 41 науқас жатыр. Жасанды өкпе аппаратына 67 науқас, инвозивті емес жасанды өкпе аппаратына 133 сырқат қосылған. Өз бетімен демалатын, аксогенді терапия алып жатқан 106 сырқат, өзі күшімен демалатын 9265 сырқат бар. Бірінші жартыжылдықта пневмониямен 98 мың адам сырқаттанған болатын. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 50 пайыздан жоғары.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу