Победа шыңында қайтыс болған қазақстандық альпинист кім?

2105

Осыдан екі күн бұрын қазақстандық альпинист Александр Чечулиннің қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Расталмаған деректер ол бойынша өкпенің ісуінен қайтыс болған. 

Победа шыңында қайтыс болған қазақстандық альпинист кім?

Александр Чечулин 1961 жылы дүниеге келген. Альпинизм бойынша спорт шеберлігінен үміткер, жаттықтырушы – нұсқаушы. Бұл саладағы жұмыс тәжірибесі 15 жылды құрайды. 2011 жылы №577 "Қар барысы" атағын, 2016 жылы №43 Таудағы құтқарушы" жетонын иеленген. 

15-тен астам бесінші санатты шыңға шыққан. Оның ішінде жеті мыңдықтары: 
• Хан Тәңірі шыңы ( 7010 м) – 4 рет (2008, 2009, 2011, 2014);
• Ленин шыңы (7134 м) – 3  рет (2007, 2017, 2018); 
• Жеңіс шыңы бастысы (7439 м) - 2011 жылы;
• Коммунизм шыңы (7495 м) – 2010 жылы; 
• Корженевский шыңы (7105 м) – 2 рет (2010, 2015);
• Мұзтаг-Ата шыңы (7546 м) - 3 раза (2017, 2018 (2).

Биік санат бойынша альпинизмнен 2010, 2017 жылдары Қазақстан Чемпионатының күміс жүлдегері. Сонымен қатар, Александр Чечулин көптеген биік шыңда іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысқан. Оның ішінде Хан Тәңірі, Ленин, Коммунизм шыңдарындағы құтқару жұмыстары бар. 

Айта кетейік, Александр Чечулин бағындыру барысында қайтыс болған Победа шыңы Қырғызстан мен Қытайдың шекарасында орналасқан. Яғни, Хантәңірі шыңының оңтүстік-батысынан 16 шақырым жерде, Қырғызстанның аумағында. 1946 жылы Отан соғысының жеңісі құрметіне Победа деп аталған болатын. Посткеңістіктегі бес жеті мыңдық шыңның біреуі. Бұл шыңға шыққан альпинистер "Қар барысы" атағына ие болады.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу