Подоляк: Украина мен Ресей ымыраға келуге жақын

2262

Қос ел арасындағы төртінші келіссөз келесі аптада өтуі мүмкін. 

Подоляк: Украина мен Ресей ымыраға келуге жақын

Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Ресей мен Украина келіссөздер процесінде ымыраға келуге жақын екенін айтты, деп жазды inbusiness.kz.

"Біз ультиматумдар қоймай, тілдесе бастадық", – деді Подоляк келіссөздер жайлы.

"Комменсантъ" басылымының хабарлауынша, Подоляк Зеленский мен Путиннің соңғы келісімдерге қол қоюы ықтимал деп мәлімдеген.

Украина өкілі Ресей мен Украина президенттерінің кездесуіне дейін барлық процедуралық мәселелерді шешу қажет деп санайды.

"Бізде осы немесе басқа жолмен осы мүдделерді қорғайтын, Украинаны осыған ұқсас жағдайлардың қайталануын болдырмау тұрғысынан алып келетін барлық ұсыныстар бар…", – деді Михаил Подоляк.

Оның айтуынша, бетпе-бет кездесулер арасында тараптар бейнеконференциялар арқылы талқылаулар өткізуде.

Ол қазір жұмыс топтары қорытынды құжаттарды заңды түрде реттеумен айналысып жатқанын айтты.

Подоляк келіссөзге қатысушылар атысты тоқтату шарттарын, Украинаның қираған инфрақұрылымы үшін келтірілген шығынды өтеу мәселесін, Ресей әскерін ел аумағынан шығару барысы мен бітімгершілік келісім шарттарын талқылап жатқанын атап өтті. Бейбітшілік келісімінің негізгі түйіні – Ресей мен Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік беру мәселесі.

Михайло Подоляк Украина мен Ресей арасындағы төртінші келіссөз келесі аптада өтуі мүмкін екенін айтты.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу