Шығыс Қазақстан облысында пойыз автокөлікті қағып өтті, деп хабарлайды Atameken Business.
Оқиға 7 сәуір күні Серебрянскте болды. Пойыз көлікті белгілі бір қашықтыққа дейін сүйреп әкеткен.
Желіде тараған видеожазбада автокөліктің жолаушылар тасымалдайтын темір жол құрамының таяп қалғанына қарамастан, жолды кесіп өтпек болғаны, бірақ үлгере алмағаны көрініп тұр. Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл көліктің жүргізушісі аман бірақ, бірқатар дене жарақатын алған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу