Пойыз билетін онлайн қайтару жүйесі іске қосылды

826

BILET.RAILWAYS.KZ сайтында орындарды онлайн қайтаруға болады.

Пойыз билетін онлайн қайтару жүйесі іске қосылды

2022 жылдың сәуір айынан бастап жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін "Жолаушылар тасымалы" АҚ төлем әдісіне (қолма-қол/ақшасыз есеп айырысу) және қай жерде сатылғанына қарамастан, барлық электрондық жол жүру құжаттары бойынша орындарды онлайн қайтару функциясын іске қосты, деп хабарлайды inbusiness.kz "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Егер жолаушы пойызды қалыптастыру станциясынан жөнелтуге дейін 1 сағаттан кем және электрондық билетте көрсетілген станциядан жөнелтілгеннен кейін 1 сағат өтпесе, орынды онлайн қайтаруына болады.

Орынды қайтаруды рәсімдеу үшін:

1. BILET.RAILWAYS.KZ сайтының басты бетінде "Талап бойынша орынды қайтару" қосымша бетін таңдаңыз.

2. Сайтта барлық қажетті бағандарды толтырыңыз және орынды қайтару туралы түбіртекті жүктеп алыңыз.

Жолаушылар ақшалай қаражаттың жолаушыға электрондық жол жүру құжатын (билетін) сатып алу тәсілі мен орнына байланысты белгіленген тәртіппен қайтарылатынын ескеруге тиіс.

Орындарды қайтару туралы толық ақпаратпен bilet.railways.kz сайтынан танысуға болады:

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №545 бұйрығымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларына сәйкес пайдаланылмаған жол жүру құжаттары үшін ақша қаражатын қайтару орын сату жүйесіне қайтарылған жағдайда жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу