Пойыз билетін заңсыз сатқандар 1,2 млн теңге айыппұл арқалайды

1186

Теміржол қатынасын реттейтін заң күшіне енді.  

Пойыз билетін заңсыз сатқандар 1,2 млн теңге айыппұл арқалайды

2019 жылдың 27 желтоқсанында теміржол туралы кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізілген болатын. Заңдық күшіне енген құжатта пойыз билетін заңсыз сатып, алып сатарлықпен айналысқан адамдарға қомақты айыппұл қарастырылған. Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте аталмыш айыппұлдың нақты мөлшері айтылды.

"Заңда жол жүру құжаттарын заңсыз сатқаны және алып сатқаны үшін  жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға 100-ден 500 айлық есептік көрсеткішке ддейін айыппұл қарастырылған", – деді Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу