Пойыз билеттерін сататын Android қосымшасы іске қосылады

3252

Жүктеме арқылы босаған билеттердің кезегіне тұруға болады.

Пойыз билеттерін сататын Android қосымшасы іске қосылады

"Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы электронды билет сатуға арналған "ҚТЖ билеттері" мобилдік қосымшасын іске қоспақшы. Қосымшаны "BILET.RAILWAYS.KZ" сайтының смартфонға бейімделген нұсқасы деуге де болады. Себебі мұнда да "күту парағы" қызметі  сақталады. 

"Қосымшаны Play Market арқылы жүктеп алуға болады. Ұлттық тасымалдаушы жол жүру құжаттарын әр түрлі ресурста ресімдеуге болатынын еске салады.  Орын болмаған жағдайда билет кассалары, интернет-сайттар, өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтары арқылы немесе пошта бөлімшелерінің қызметтерін пайдалана отырып, пойыз жөнелтілгенге дейін 7 тәулік бұрын "күту парағы" қызметін тегін пайдалануға болады. Билеттерді сатып алу кезінде азаматтарды бөгде адамдардың күмәнді қызметтерін пайдаланбауға, ал билеттерді заңсыз сату фактілері анықталған кезде белсенді азаматтық ұстаным танытып, көліктегі полиция департаментінің желілік полиция бөлімдеріне жүгінуге шақырамыз", – делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

"Жолаушылар тасымалы" өз қызметкерлерінің   заңсыз әрекеттеріне куә болған жандардан акционерлік қоғамның бас директорының блогына (temirzholy.kz) бейнематериалмен қоса ақпарат жіберуді сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу