27 маусымнан бастап Қазақстанда пойыз билеттерін сатудың жаңа ережелері күшіне енді.
Пойыз билеттері келесі шарттар бойынша сатылады:
- жолаушылар пойыздарына – қайта отырғызусыз қатынайтын вагондарға пойыздың қалыптастыру немесе айналым пункттерінен пойыз жөнелтілгенге дейін сату режиміне немесе аралық станциясынан орындардың болуына қарай, кемінде 45 тәуліктен 1 тәулікке дейін;
- қала маңы пойыздарына – 10 тәуліктен 1 тәулікке дейін жүзеге асырылады.
Құжатқа сәйкес, жол жүру билеттерін сату пойыз жөнелтілгенге дейін 10 минут қалғанда тоқтатылады.
Бұдан бөлек жолаушының межелі станциясына дейін тікелей пойыз болмаған кезде пойыздың қандай да бір (келісілген) станциясында ауыстыра отырып жол жүру құжаттарын ресімдеуге жол беріледі.
Бұрын жөнелтілетін пойызға билетті ауыстыру және қайта ресімдеу арқылы пойызға билеттерді сату жолаушының станцияға келуі мен оның станциядан кетуі арасындағы кемінде 1 сағаттық айырмашылықты ескере отырып жүзеге асырылады (бұрын 3 сағатқа дейін болатын).
"Егер билет интернет-ресурс, электронды терминал және фискалдандырылған билет сату кешендері арқылы берілсе, онда жол жүру құжатының сериясы немесе нөмірі көрсетіледі", - делінген құжатта.