Пойыз ішінде күй тартқан жас домбырашылар жолаушыларды таңғалдырды

1351

№11 Алматы 2-Шымкент бағытындағы пойыздың №19 вагонында жолға шыққан дарынды домбырашылар "Turan" күйін орындап, жолаушыларды таңғалдырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Пойыз ішінде күй тартқан жас домбырашылар жолаушыларды таңғалдырды Фото: бейнеден алынған скрин

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 ақпанда 7 жас домбырашы мұғалімімен бірге Алматыдан Шымкент қаласына жарысқа жолға шыққан. 

Сапар барысында балалар пойызда жарысқа дайындық жұмыстарын жүргізіп, вагон жолаушыларына өнерлерін көрсетіп, оларға керемет көңіл-күй сыйлады.

Бейнежазбаны №11 пойыздың 19 вагонының жолсеріктері ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу