Пойыз қараусыз қалған бірнеше үй жануарын қағып кетті

475

Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Пойыз қараусыз қалған бірнеше үй жануарын қағып кетті Фото: Ratel.kz

Өткен демалыс күндері департаменттің қызмет көрсету аумағында пойыздардың шұғыл тежеу қолданып, қараусыз қалған үй жануарларын қағып кетудің 5 дерегі тіркелді.

Ақпаратқа сәйкес, Павлодар облысының Май-Жұмыскер және Жұмыскер-Көктөбе аралықтарында екі жағдай орын алды. Екі ірі қара мал жолаушылар және жүк пойыздарының астына түскен. Теміржол көлігінің жоспарланбаған жалпы тоқтау уақыты 33 минутты құрады.

Осыған ұқсас жағдай Абай облысының Суықбұлақ-РЗД-6 аралығында да орын алды. Екі ірі қара малдың теміржол төсемінде болуына байланысты жүк пойызы машинисінің шұғыл тежеу қолдануына тура келді.

“Мал иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК 559-бабы, яғни теміржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, Қарағанды облысының Қызылжар-Жеңіс аралығында үш жылқы, ал Шымкент станциясында үш ұсақ мал жүк пойызының астына түскен. Пойыздардың тұрағы екі жағдайда да 11 минутты құрады”, - делінген хабарламада.

Аталған деректер бойынша үй жануарларының иелеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу