Пойыз қозғалысы қалпына келтіріліп жатыр

1088

Пойыз қозғалысы қалпына келтіріліп жатыр

Павлодар облысындағы "Шідерті-Бозшакөл" өткелінде пойыздардың қозғалысы қайта жанданды. Бұл туралы Қазақстан темір жолы жүк тасымалдары қоғамының баспасөз қызметі хабарлады.

Осының алдында көмір тиелген вагондар рельстен шығып кеткен болатын. Жағдайды реттуге Ерейментау, Павлодар және Есіл стансаларының қалпына келтіру пойыздары жұмылдырылды. Қазіргі уақытта пойыздардың қатынауы үшін жол ашық. Ал кешіккен жолаушылар тиісті жерге жеткен соң "Темір жол көлігі туралы" Заңына сәйкес, толық өтемақы ала алады.

"Қазіргі уақытта Астана-Қарағанды жолындағы бір бағыт қалпына  келтірілді. Бұл жұмысқа 7 арнайы техника, 150-ден астам жұмысшы жұмылдырылды. Жұмыс әлі жалғасып жатыр", - деді облыстық ТЖД басшысы Әлібек Длимов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу