Пойыз жолсерігінен 5 келіден астам гашиш тәркіленді

240

Екі күдікті ұсталып, 18 млн теңгеден астам есірткі тәркіленді.

Пойыз жолсерігінен 5 келіден астам гашиш тәркіленді Фото: gov.kz

Көліктегі полиция қызметкерлері оңтүстік өңірлерден Астанаға есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Іс бойынша екі адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биыл қазан айында "Түркістан – Павлодар" бағытындағы жолаушылар пойызының 39 жастағы жолсерігі ұсталды. Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде 5 келіден астам гашиш тәркіленді.

Одан әрі жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында есірткіні жеткізуші деген күдікпен 33 жастағы Жамбыл облысының тумасы анықталып, ұсталды. Тергеу мәліметінше, ол есірткіні ақшалай сыйақы үшін өткізген.

Алдын ала бағалау бойынша, тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны 18 миллион теңгеден асады.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазір құқық бұзушылықтың мән-жайы анықталып, есірткінің заңсыз айналымына қатысы болуы мүмкін өзге де адамдарды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу