"Қала маңына тасымалдау" АҚ-ына санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғандығы, яғни пойыздарда тазалықтың сақталмағаны үшін екі миллион теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тексеру нәтижесінде "Қарағанды-Балқаш" бағытындағы № 606 пойызында ауадағы көмірқышқыл газының шамадан тыс артқандығы анықталды. Бұдан өзге, сумен жабдықтау жүйесіне дезинфекция жүргізілмеген және жалпы өндірістік бақылау жасалмаған.
Осыған ұқсас санитарлық талаптарды бұзу әрекеттері №630 "Балқаш-Жезқазаған", №6877 "Балқаш-Мойынты" және №6880 "Балқаш-Саяқ" бағытындағы пойыздарда да кездесті. Анықталған санитарлық талаптарды бұзу әрекеттерін негізге ала отырып, Қарағандының мамандандырылған әкімшілік сотына әкімшілік материалдар жолданды. "Сот "Қала маңына тасымалдау"АҚ-ын 840 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу түріндегі әкімшілік жауапқа тартты", - деп хабарлады сот кеңсесі.