Пойызда заң бұзған жолсеріктер қызметтен босатылды

131

ҚТЖ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орындарды заңсыз сатқан және пойызда темекі шеккен жолсеріктерді жұмыстан шығарды.  

Пойызда заң бұзған жолсеріктер қызметтен босатылды Фото: ҚТЖ

 "Қазақстан темір жолы" компаниясы Алматы-2 вокзалында жүргізілген ішкі тексеру нәтижесінде екі жолсерікті қызметінен босатты. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ресми мәліметке сәйкес, теміржол саласында заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында БАҚ пен қоғам өкілдерінің қатысуымен тұрақты түрде бақылау және ішкі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

"Алматы-2 вокзалындағы тексеру барысында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орындардың заңсыз сатылғаны және пойыз тамбурында темекі шегу деректері анықталды. Тергеу қорытындысы бойынша екі жолсерік жұмыстан шығарылып, пойыз басшысына қатаң сөгіс жарияланды", - делінген компания таратқан ресми хабарламада.

Компания өкілдерінің айтуынша, мұндай тексерулер "ҚТЖ"-ға тиесілі барлық бағыттар бойынша жүйелі түрде жалғасатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу