Пойыздағы жолаушыдан "сібір жарасы" анықталды

1109

Сібір жарасымен ауырған Түркістан облысының 26 жастағы тұрғыны әйелімен бірге Көкшетауда пойыздан түсірілді. Ер адам жұқпалы аурулар орталығына орналастырылды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Пойыздағы жолаушыдан "сібір жарасы" анықталды

Ер адам әйелімен бірге Бурабай шипажайына демалуға барған, бірақ пойызда оның қызуы күрт көтерілген.

"Белгілі болғандай, бұрын олар досымен бірге туысынан жылқы етін сатып алған. Алдымен досы ауырып қалған, содан кейін бұл адамнан анықталды. Жұқпалы аурулар бөлімшесі біздің Көкшетауда орналасқандықтан, оны бірден вагоннан жұқпалы аурулар бөліміне жатқызған. "Сібір жарасы" диагнозы расталды. Аурудың тері формасы. Белгілері жалғыз өзінен анықталды. Бірақ оның әйелі де ауруханада. Вагондағы байланысқан адамдар да анықталды. Медициналық қызмет медициналық бақылау туралы нұсқама берді", – деді Көкшетау қаласының бас санитарлық дәрігері Қанат Ысқақов.

Сібір жарасы, көкшетау, түркістан, пойыз

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу