Пойыздан кешіккен келіншек машинист кабинасына шабуыл жасады

Оқиға Ақмола облысындағы Елтай бекетінде болған.  

Пойыздан кешіккен келіншек машинист кабинасына шабуыл жасады Фото: ЖИ

"Көкшетау-Нұрлы жол" жолаушылар пойызы қозғалғалы жатқанда келіншек пойызға қасақана зақым келтірген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгінде 22 жастағы ақмолалық тұрғынға айыппұл салынған. "Пойызға қасақана зақым келтірді" деген айып тағылған келіншек көлікті тоқтатуға әрекеттенгенін айтқан. 

Көліктегі полиция департаменті де пойыздан қалып қойған тұрғынның жүргізуші кабинасына тас лақтырып, көлікті тоқтатпақ болғанын мәлімдейді. Соққыны, яғни лақтырған тастың қатты болуынан локомотивтің алдыңғы әйнегі сынып, шытынап кеткен.

Көліктегі полиция басқармасы бастығының орынбасары Құрмет Мәжікеновтің сөзінше, мұндай іс-әрекеттер жүргізушілерді жарақаттап, жаралап денсаулығына едәуір қауіп төндіруі ықтимал. Сол арқылы жолаушыларға да зиянын тигізеді. Осылайша, сот келіншекті бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін кінәлі деп танып, 137 620 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу