Пойыздардың кешігуіне не себеп

1381

Жамбыл облысында теміржол көпірінің тірек негізін су шайуынан пойыздар кешікті, деп хабарлайды inbusiness.kz  "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пойыздардың кешігуіне не себеп

"Жамбыл облысы Меркі ауданы тауларында қалың жауған қар аралас нөсерден жергілікті автожол және Аспара-Шу аралығындағы теміржол көпірінің тірегі шайылған. Жасанды су өткізу  құрылымдары толық режимде жұмыс істеді, бірақ теміржол көпірінің тірек негіздері су көлемінің ауқымы мен қысымымен шайылып кетті. Қазір жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтатылды", – деп жазылған ҚТЖ таратқан ақпаратта.

"Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Зардаптарды жою үшін арнайы теміржол және автотракторлық техника, темір жол көлігінің 75 қызметкері жұмылдырылды. Оқиға орнына қажетті материалдар (шпалдар, рельстер, қиыршық тас, кесек тас) жеткізілді. Жұмысты 16 тамыз таңертеңгісін аяқтау жоспарлануда", – деп ескертілген хабарламада.

Осыған байланысты:

- №712 Шымкент-Нұр-Сұлтан Нұрлы жол бағыты;

- №78 Маңғыстау - Алматы-2 қатынасымен;

- №42 Атырау-Алматы-2 қатынасымен;

- №23 Алматы - 1 бағыты-Ақтөбе;

– № 29 Алматы -2-Атырау бағыты;

- №33 "Алматы-2 – Ақтөбе" бағыты бойынша жолаушылар пойыздарының кешігуі күтілуде.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу