Пойыздың рельстен шығып кету оқиғасы жиіледі

976

Пойыздың рельстен шығып кету оқиғасы жиіледі

Оңтүстіктегі теміржолдың көбісі тозған. Соның салдарынан вагондардың рельстен шығып кетуінің қаупі жоғары. Бұл туралы облыстық теміржолшылар мен прокурорлар, көліктің бақылау инспекторларының басқосуында айтылды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Тек жыл басынан бері жылжымалы құрамның теміржолдан шығып кетуінің 6 фактісі тіркелген. Ал өткен жылдың соңына дейін осыншама оқыс оқиға болған дейді мамандар. Абырой болғанда адамдар зардап шеккен жоқ.

Жиналысқа келгендер мұның басты себебі – теміржол учаскесі өзіне тиесілі кәсіпкерлердің шойынжолды күтіп-қарамауынан дейді. Енді мұндай ереже бұзушыларға қатаң әкімшілік шаралар қолданылатын болады деп ескертеді инспекторлар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу