Пойыздың тоқтату кранын жұлып алған мас жолаушыға айыппұл салынды

501

10 айлық есептік көрсеткіш (34 500тг) мөлшерінде айыппұл салынды.

Пойыздың тоқтату кранын жұлып алған мас жолаушыға айыппұл салынды Фото: Polisia.kz

Атырау облысы Кенбай станциясының учаскесінде ер адамның пойыздың тоқтату кранын жұлып алғанына байланысты Атырау – Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызы кестеден тыс тоқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тексеру барысында көлік полицейлері Ақтөбе облысының 59 жастағы тұрғынын анықтады. Ол спирттік ішімдік ішіп, масаң күйінде вагон тамбурында тоқтату кранын жұлып алған. 

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, оның “орташа дәрежедегі” алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. 

– Сағыз станциясына келгеннен кейін құқық бұзушы акт бойынша пойыздан түсірілді. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі және ҚР ӘҚБтК-нің 560-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 10 айлық есептік көрсеткіш (34 500тг) мөлшерінде айыппұл салынды, – деді көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов. 

Еске сала кетсек, жыл басынан бері көліктегі ПД қызметкерлері 18 774 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін екі мыңға жуық адам жазаланған. Сондай-ақ тоқтату кранын жұлып алудың 13 фактісі тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу