Пойызға билетсіз мінген 70 жолаушы анықталды

704

Биылғы 4 айда 2 мыңнан аса пойыз тексеріліпті.

Пойызға билетсіз мінген 70 жолаушы анықталды

Биылғы 4 айда 2146 пойыз тексеріліп, нәтижесінде билетсіз жүрген 70 жолаушы анықталды, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" баспасөз қызметі.

Ал 23 қызметкермен еңбек келісімшарты тоқтатылған.

Айта кетсек, теміржолда билетсіз жүру және заңды түрде рәсімделмеген жүкті тасымалдау әрекеттеріне тосқауыл қою мақсатында 2018 жылдың сәуір айында "нөлдік" төзімділік принципі енгізілген болатын. Яғни, заңсыз әрекетке барған компания қызметкерлеріне қатаң жаза қолданылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу