"Покер" ұйымдастырған Шымкент тұрғыны сотталды

502

Сотталушы қала орталығы Д.Қонаев көшесі бойынан пәтер жалға алып, көлеңкелі бизнесін дөңгелеткен.  

"Покер" ұйымдастырған Шымкент тұрғыны сотталды

Шымкент қалалық Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, пәтерді жалға алып, оны "покер" ойынханасы еткен тұрғынның заңсыз әрекеті толықтай дәлелденген.

"Департамент қызметкерлері жүргізген тексеру шарасы кезінде тұрғынның  "Ойын бизнесі туралы" заңының талаптарын өрескел бұл саладағы қызметпен айналысуға арнаулы лицензия алмай, жоғарыда аталған мекен-жайда заңсыз ойын мекемесін ашып, оны ұстап, ұйымдастырып, жүргізумен айналысқаны анықталды. Айғақ зат ретінде 100 000 теңге ақша қаражаты мемлекет пайдасына тәркіленді. Покер ойынына арналған диллер тасы және 200 дана казино фишкалары жойылды", – деді экономикалық тергеу департаментідегілер.

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен тұрғынға 1 жылға бас бостандығынан шектеу және 100 сағатқа мәжбүрлі қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.  Ал заңсыз ұйымдастырылған ойынға келген 8 ойыншының ісі сотта қаралуда. 

Жансая Тәуекелқызы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу