Париж қаласында Artcurial жүргізген аукцион нәтижесінде атақты Поль Гогеннің суреті 9,5 млн еуроға өтті. Қылқалам шебері "Te Bourao II" деп аталатын суретін 1897 жылы салған. Туындыны мұндай сомаға сатып алған коллекционердің аты жасырын қалды. Бірақ аукциондық үй өкілдерінің айтуынша, сатып алушы суретті Францияда қалдыруға уәде еткен.
Көк және жасыл бояумен салынған құстардың суретін Гоген Таитиде тұрған кезінде арнайы мата бетіне түсірген. Суретші ол жерде 9 туындысын дүниеге әкелген.Сегізін әлемдегі ірі музейлер сатып алған, ал біреуі қазір Эрмитаждағы көрмеде.
2014 жылы Гогеннің "Той қашан?" деген суреті 210 миллион долларға сатылылған болатын. Ал Катардың ақсүйектері оның тағы бір шығармасы үшін миллиондаған доллар төлеп, сарайларына іліп қойған көрінеді.
Табиғат Нұрболат