Полицей спортзалдағы жаттығуынан соң қайтыс болды

Өлім себебі – миокард инфарктісі.

Полицей спортзалдағы жаттығуынан соң қайтыс болды

Қаралы оқиға бойынша алдын ала тергеу жұмыстары басталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ер адамның спортзалдан шыққан кезде есінен танып қалғаны айтылады. 

– Жедел жәрдем бригадасы дереу реанимациялық шаралар қабылдағанымен, оны аман алып қалу мүмкін болмады. Медициналық қорытынды бойынша өлімнің себебі миокард инфарктісі болған, – деп хабарлаған Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов старшы инспектор, арнайы жылдам әрекет ету бөлімшесінің қызметкері Қасымхан Мелдебековтың қайтыс болғанын хабарлады. 

– Ол өз қызметіне адал болған, қызметіне және еліне берілген офицер еді. Оның мемлекет алдындағы еңбегі бағаланбас, – деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.

Министрлік марқұмның отбасына барлық қажетті көмек көрсететінін қосымша атап өткен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу