Полицейге шабуыл жасаған жүргізуші 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

428

Оқиға Жамбыл облысында болған.

Полицейге шабуыл жасаған жүргізуші 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Полицейге шабуыл жасаған жүргізуші 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"20 қыркүйекте Алматы-Ташкент автожолының 168 шақырымында жол ережесін өрескел бұзғаны үшін полиция қызметкері Жамбыл облысы Қордай ауданының 61 жастағы тұрғынының басқаруындағы "Тойота Карина" маркалы автокөлігін тоқтатқан. Бұзушылықты тіркеу кезінде жүргізуші патрульдік полиция батальоны қызметкерінің мойнына бір рет жиналмалы пышақпен ұрған", - делінген хабарламада.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 380-1-бабы 1-бөлігі бойынша (құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғушылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жауап алу кезінде ер адам әйелінің қайтыс болуына және тұрмыстық мәселелерге байланысты депрессиялық жағдай оны осындай үмітсіз қадамға итермелегенін түсіндірді. Өзінің ойланбай жасаған әрекетінің ауырлығын түсініп, жасаған ісіне өкінетін жеткізді.

Полиция қызметкері ауруханаға жеткізілді. Ұсталған адам Қордай АПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қызметтік тергеу тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу