Полицейге тіл тигізген азамат 40 сағат көше сыпырады

55

Абай облысында полицей қызметкерін қорлаған азамат жауапкершілікке тартылды.  

Полицейге тіл тигізген азамат 40 сағат көше сыпырады Фото: polisia.kz

Оқиға полиция бөлімінде болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ішімдік ішіп, масайған 57 жастағы облыс тұрғыны қызметтік міндетін атқарып жүрген құқық қорғау органы қызметкерін балағаттаған.

Үржар ауданы №2 аудандық сотының шешімімен ер адам кінәлі деп танылып, оған 40 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалды.

2025 жылдың басынан бері өңірде билік өкілдерін қорлау бойынша 19 дерек тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу