Полиция департаменті астаналықтарға қаладан шықпауға кеңес берді

129

Елордада боран соғып, жолдар жабылып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция департаменті астаналықтарға қаладан шықпауға кеңес берді Фото: ҚазАвтоЖол

Ауа-райының нашарлауына байланысты елордалық Полиция департаменті жүргізушілерге жолда өте сақ болуға және көру мүмкіндігінің төмендеуін ескеруге шақырады.

"Жеке көлікпен саяхаттау кезінде ауа-райының нашарлауы және қозғалыс шектеулері (көктайғақ, боран және т.б.) туралы хабарламаларды ескеру қажет. Кенеттен маневр жасаудан аулақ болу керек, алдыңғы көлікке дейінгі қашықтықты әдеттегіден бір жарым-екі есе артық ұстау керек. Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала сыртына шығудан бас тартуды сұраймыз. Сақ болыңыз! Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!", – дейді ПД өкілдері ведомствоның Instagram-дағы ресми-парақшасында.

Сондай-ақ департаментіндегілер Астана-Павлодар, Астана-Көкшетау, Астана-Қарағанды, Астана-Қабанбай батыр (Қосшы) жолдары жабық екенін еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу