Полицейлер астаналықтарға үндеу жасады

210

Құқық қорғау органдары астаналықтарды қаладан тыс жерлерге алыс сапарларға шығудан бас тартуға шақырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полицейлер астаналықтарға үндеу жасады Фото: © Sputnik / Владислав Воднев

"13 ақпанда боран мен жел 30 метр секундқа дейін күшеюіне байланысты жүргізушілерден аса сақ болуды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды, көлікті кенет тежемеуді, арақашықтық пен бүйірлік қашықты сақтауды сұраймыз. Көлікті тек белгіленген орындарға қою керек, жеке көлікті жүретін жерде қалдырмау қажет, сондай-ақ, патрульдік полиция қызметкерлерінің талаптарын орындау керек. Қала сыртындағы жолдарда қозғалыс мерзімді түрде шектелуіне байланысты қаладан тыс жерлерге алыс сапарларға шығудан бас тартуды ұсынамыз. Мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдалануды сұраймыз", – деп мәлімдеді Астана Полиция департаменті өкілі.

Полиция жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де ерекше сақ болуы керек екенін еске салды.

Өз қауіпсіздігі үшін көшелерді белгіленген жерлерде кесіп өту, сыртқы киімде жарық шағылыстыратын элементтерді қолдану, жолды кесіп өткен кезде құлаққапты шешіп, телефонмен сөйлесуді тоқтату ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу