Полицейлер Балқаштағы 15 жасар қыздың өліміне қатысты мән-жайды анықтауда

352

Оның денесі жоғалып кеткеннен кейін шамамен бір күннен соң көлден табылды. 

Полицейлер Балқаштағы 15 жасар қыздың өліміне қатысты мән-жайды анықтауда Фото: pixabay.com

Жоғалған қыз баланы Балқашта 130 полиция қызметкері мен еріктілер іздеп жүрген. Желтоқсанның 10-ы күні кешке жергілікті тұрғын полицияға хабарласып, 15 жасар қызын табуды сұраған. Ол сағат 16:00 шамасында қыз баланың би үйірмесіне бара жатқанын ескертіп, үйден шығып кеткенін, бірақ кешке оралмағанын айтты. Бұл туралы inbusiness.kz сайты polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Жасөспірім қызды іздеуге облыстық полицияның барлық қызметкері жұмылдырылды. Соның ішінде, такси және көлік тұрақтары, оның болуы мүмкін басқа да орындар, бейнебақылау камералары және қала сыртындағы маршруттар әзірленді. Сондай-ақ, аудан таралды. Бір тәулікке жуық уақытқа созылған ауқымды іздестіру шараларына полициядан бөлек, қала тұрғындарының еріктілері де қатысты.

Кең ауқымды іздеулер 11 желтоқсан күні таңертең Балқаш көліне дейін апарды. Көл жағасынан жоғалған қызға тиесілі заттар табылды. Сол уақыттан бері іздеу жүйелерінің күш-жігері көлдің суларына шоғырланған. Сағат 13:36-да жағадан 40-50 м қашықтықта және 2,5-3 м тереңдікте қыздың мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы орын алған. Қазіргі уақытта, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу