Полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім түрлерін киюге тыйым салынуына байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
“Заңнамаға енгізілген түзетулердің басты мақсаты – азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын қоса алғанда, олардың құқықтары мен бостандықтарын шектемей, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұлғаларды сәйкестендіру және қоғамдық тәртіпті сақтау”, – дейді полиция.
Учаскелік инспекторлардың айтуынша, бұл тыйым азаматтың бет-әлпетін толық жауып, оның кім екенін анықтауға кедергі келтіретін киімдерге, атап айтқанда маска мен никабқа қатысты. Ал адамның жүзін жаппайтын хиджаб, шейла, химар, аль-амира сияқты діни киімдерді киюге шектеу қойылмаған.
Алайда тыйымның:
- Ауа райына байланысты;
- Медициналық көрсетімдерге байланысты;
- Заң талаптарын орындау кезінде;
- Қызметтік міндеттерді атқару барысында;
- Азаматтық қорғау саласындағы қызметке қатысы жоқ.