Полицейлер қаруды сақтау ережелерін түсіндірді

3281

ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі қаруды сақтау ережелерін түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Полицейлер қаруды сақтау ережелерін түсіндірді

"Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" заңға сәйкес, тіркелген қару иесінің тұрғылықты жерінде сақталуы керек. Қалыңдығы 3 мм-ден кем емес металл сейф еденге немесе қабырғаға мықтап бекітілуге тиіс. Үйдің қабырғасына қару-жарақты іліп қоюға, ашық, қапталмаған түрде алып жүруге және тасымалдауға, сондай-ақ басқа адамға беруге жол берілмейді. Қалалар мен кенттерде үйде дабыл немесе оның отбасы мүшелерінің ұялы телефонында сигнализация болуы керек.

"Егер сіз кенеттен ұзақ іссапарға, демалысқа, оқуға немесе емделуге кететін болсаңыз, қаруыңызды аумақтық ішкі істер органына уақытша сақтауға тапсыра аласыз. Сақтауға тапсыру үшін белгіленген үлгіде өтініш толтырып, оның сақталу мерзімін көрсетесіз (шектеусіз мерзім, қызмет тегін). Одан кейін полиция қызметкері сіздің көз алдыңызда қаруды тексереді, қаптамасымен сақтау камерасына тапсырады. Кейін сіз кез келген ыңғайлы уақытта қайта өтініш толтырып, қаруыңызды қайтарып аласыз", – деп жазылған департаменттің ақпаратында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу